Жаңалықтар

2019 жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) ееесту қабілеті бұзылған балалар менктеп-интернат-колледжінде Наурыз мерекесі тойланды. Мектепке дейінгі топ және 0-5 класс оқушылары  «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткен ертеңгілікке қызығушылықпен қатысты.

2019 жылдың 15 наурыз күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде "Ұстаздың асыл бейнесі" атты Ыбырай Алтынсарин атындағы білім беру ісінің үздігі, волейболдан Ұлттық дәрежедегі төреші, жоғары білікті денешынықтыру пәнінің мұғалімі Кужениязов Қуаныш Зейнулұлының жарқын бейнесін еске алу кеші өтті.

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде бастауыш кластар тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Гүл сыйлайық анаға!» атты мерекелік шара өткізілді. Концерттік бағдарламаға ата-аналар, оқушылар қатысты. Аналарға арналған жүрек тебірентер әндерді оқушылар ым-ишара тілінде орындаса, ата-аналар өлең жырларын оқыды. «Балдаурен», «»Аяулым» хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетті. Кеш соңында бастауыш класс оқушылары ұстаз аналарға гүл шоқтарын сыйлады.

Аналар мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде "Жүректен шыққан жылы лебіздер" акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар жүрекжарды тілектерін ұстаздары мен аналарына арнап, арнайы дайындалған пошта жəшіктеріне салды. Аталған шара дефектолог мұғалімдер Г.Б.Тулебаеваның және Э.Қоблаштың бастамасымен өткізілді. Бұл акцияның мақсаты: есту қабілеті бұзылған балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру және жазбаша сауаттылығын көтеру болатын. Аталған акцияға оқушылар қызығушылықпен атсалысты. Ал белсенді қатысқан 7 «ә» класс оқушылары Мұстафин Қайыржан, Хасанов Радмир жəне 10 «а» класс оқушысы Жакаева Аружан 7 наурыз күні өткен мерекелік шарада марапатталды. Бұл оқушылар оннан аса құттықтау хаттарын дайындаған.

2019 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе облыстық арнайы( түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде " Жастар жылы-2019" ,сонымен қатар  Ақтөбе қаласының 150жылдық мерейтойына арналған  жоғары кластар және колледж тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің " Ақтөбе- құтты мекен" тақырыптық апталығының аясында " Көздерінде от ойнар..., Мен жастарға сенемін" атты кездесу өтті.Шара Ақтөбе қалалық әкімдігі Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Ербол Телибековпен бірігіп ұйымдастырылып "Рухани жаңғыру" аясында"

18.02-23.02 аралығында Цифрлық Қазақстан 2020 бағдарламасы аясында балалардың цифрлық технологияларды пайдалану арқылы сауатты болулары мен оның өмір сүру сапасын жақсартуға ықпалын түсіндіру, жалпы ұғымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын дамыту, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оқушыларға түсіндіріп пайдалануды үйрету мақсатында жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің «Цифрлық Қазақстан» тақырыбындағы апталығы өтті.