2019 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе облыстық арнайы( түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде " Жастар жылы-2019" ,сонымен қатар  Ақтөбе қаласының 150жылдық мерейтойына арналған  жоғары кластар және колледж тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің " Ақтөбе- құтты мекен" тақырыптық апталығының аясында " Көздерінде от ойнар..., Мен жастарға сенемін" атты кездесу өтті.Шара Ақтөбе қалалық әкімдігі Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Ербол Телибековпен бірігіп ұйымдастырылып "Рухани жаңғыру" аясында"


Қазақстанның жүз жаңа есімі" жобасына енген спортшы, кәсіпкер, " Пандус Ок" ЖСС  директоры Шахан Жулдасбаев шақырылды.


Шаханның өмірбаяны, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасап жатқан жұмыстары, оның президентпен кездессем деген арманына қалай қол жеткізгені туралы әңгімесі сурдоаудармашы А.Сансызбаеваның көмегі арқылы  тыңдармандарға жетті.


Жоғары санатты тəжірибелі педагог Тубетбаева Ақерке Əлібайқызы ұйымдастырған кеш мағыналы,өте жоғары дәрежеде өтті, соңында қонақтарға естелік сыйлықтар ұсынылып, " Шаштараз өнері және сәндік косметика" мамандығының оқушыларымен суретке түсті.

.