«Мамандықтар әлемі» тәрбие сағаты
2025 жылғы 14 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы «Мектеп - интернат - колледж» кешені КММ - де Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж студенттерімен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс - шараның мақсаты - студенттерге мамандықтардың әртүрлілігі туралы түсінік беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандық таңдауға саналы түрде қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында студенттерге түрлі мамандықтардың ерекшеліктері мен маңызы туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда сұранысқа ие техникалық, медициналық, педагогикалық және шығармашылық бағыттағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Интерактивті әдістер қолданылып, мамандықтар бойынша ситуациялық тапсырмалар, кәсіби бағдарға бағытталған сұрақ - жауаптар ұйымдастырылды.
Студенттер өз армандаған мамандықтары жайлы айтып, мамандық таңдаудағы басты ұстанымдары мен қызығушылықтарын ортаға салды.
“Шеберлік пен дағды: Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтары мен болашағы” тақырыбында дөңгелек үстел
“Жұмысшы мамандықтары” жылы аясында “Шеберлік пен дағды: Жұмысшы мамандықтарын таңдаудың артықшылықтары мен болашағы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
❇️Бұл іс - шараға шаштараз өнері мамандығын оқып бітірген түлектеріміз қатысып, қазіргі таңда өздері шебер болып жасап жатқан тәжірибелерімен бөлісті.
💫Жаңбырбай Арсен – қазіргі таңда «ЖасStar» салонында, Алтай Тоқтар - ЖК “Айгуль Абдуалиева” шаштараз салонында еңбек етуде.
⚜️Олар өз жұмыстары, осы мамандықтың артықшылықтары мен болашағы туралы ой бөлісіп, шаштараз өнеріне деген қызығушылықтарын, кәсіби білім алудағы қиындықтарды, қазіргі таңдағы трендтер мен жаңа технологиялар туралы сөз етті. Сонымен қатар, шеберлік пен дағдының маңыздылығын, осы мамандықты таңдаған жастарға кеңестерін де жеткізді. Бұл дөңгелек үстелдің қатысушылары өз тәжірибелері мен кәсіби дағдыларын бөлісіп, болашақ шаштараз мамандарына жақсы кеңестер мен бағыт - бағдар берді.
📝Мұндай кездесулер жастардың жұмысшы мамандықтарды таңдауына үлкен әсер етіп, оларға мамандықтар туралы нақты түсінік береді.
Өткізгендер: Б.Дуйсеналина,А.Смағұл.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId70b213eefc
Шеберлік сағаты
2025 ж. 4 сәуірінде “жұмысшы мамандықтар жылына” орай, колледжімізде сән әлеміне қадам басқысы келетін, өзін-өзі жаңаша қырынан көрсеткісі келетін студенттерге арналған ерекше шеберлік сағаты өтті. «Жаңа шаш бояу техникалары: классикадан креативке дейін» атты іс-шара студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Шеберлік сағатында тәжірибелі мамандар омбрэ, балаяж, airtouch сияқты заманауи әрі трендтегі бояу әдістерімен қатар, классикалық тәсілдердің ерекшеліктерін де таныстырды. Сонымен қатар, әртүрлі шаш құрылымына, бет әлпетіне және стильге сай бояу техникасын дұрыс таңдаудың сырлары ашылды.Студенттер өз шеберліктерін көрсете білді.
#Сән – бұл тек сырт келбет емес, бұл – өзіңді көрсетудің бір жолы!
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdc6f47d5f9e
Колледж түлегімен кездесу
Шебер шаштараз Жаңбырбай АРСЕННЕН тәжірибе сабақ!
3.04. 2025ж “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ түлегі Жаңбырбай Арсен жоғарғы буын оқушыларымен өткен кездесуде кәсіби шаштараздың сырлары мен жұмыс әлеміндегі шынайы таңдаулар туралы әңгімеледі.
Колледжден не үйрендік?
Кәсіптік дағдыларды қалай жетілдіруге болады;
Қазіргі заманғы трендтерді үйрену тақырыптарында пікір алмасты.
Біздің колледждің түлегі Арсеннің тәжірибесі мен жастарға берген кеңестері барлығы үшін пайдалы болды.
Өз ісіңді сүю - жетістіктің кілті! Қазіргі таңда “Жасстар” шаштаразында қызмет етіп жүрген Арсенге толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId0e7c4e4297
“Ең жақсы шаш үлгісін және киім эскизін жасау” тақырыбында тәрбие сағаты
01.04 2025 ж колледж студенттері арасында жұмысшы мамандықтар жылына орай “Ең жақсы шаш үлгісін және киім эскизін жасау” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
шаш үлгісін жасау және киім эскизін әзірлеу дағдыларын дамыту;
оқушыларды сәнді шаш үлгілері мен киім дизайнын жасауға үйрету, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
жастарға сән мен стильді дұрыс түсіндіру;
шаш үлгісін және киім эскизін жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, сән мен стиль жайлы түсінік беру;
сән әлеміне қатысты ақпараттармен таныстырып, дұрыс таңдау жасауға бағыттау.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың сән әлеміндегі іскерлік қабілеттерін дамыта отырып, олардың сыртқы келбетіне және ішкі сенімділігіне оң әсерін тигізді.
“Болашаққа апаратын жол” викториналық ойыны
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Жұмысшы мамандықтар жылына арналған медиа - жоспары бойынша 27 ақпан күні “Болашаққа апаратын жол” тақырыбында викториналық сұрақтар ойыны өткізілді.https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId8cc89b17ee
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені КММ-нің бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында бітіруші түлектерді алғашқы тәжірибе жинақтау мақсатында жастар практикасы бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Шараға қатысқан “Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы” КММ-нің мамандары Айсұлтан Амангелдіұлы және Сапар Еркінұлы жұмысшы мамандықтар жылының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды:
Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру;
Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын насихаттау және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие екендігін көрсету.
Осыған сәйкес жұмысшы мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандарды даярлау арқылы олардың кәсіби өсуіне, мансаптық даму мүмкіндіктеріне жасалып жатқан жағдай туралы ақпарат берді.
#жұмысшымамандықтаржылы
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId84f30862e4
«Дұрыс таңдалған мамандық – табысты болашақтың кепілі!»
Колледждің топ жетекшілері студенттермен «Дұрыс таңдалған мамандық - табысты болашақтың кепілі» тақырыбында маңызды отырыс өткізді.
Мақсаты: мамандық таңдау процесінің қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін түсіндіру, студенттердің колледж бітіргеннен кейінгі алға қойған мақсаттарын білу, оларға ақыл кеңес беру және болашақта жақсы маман иесі болып, табыс тауып, өмірде үлкен жетістіктерге жетуге талпындыру.
Отырыс барысында студенттерге мамандық таңдау тек болашақтағы табысты карьераны ғана емес, адамның жеке тұлға ретінде дамуын да айқындайтыны туралы ойлар айтылды.
Отырыс барысында келтірілген негізгі ойлар:
Мамандық таңдау - маңызды қадам: Өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай мамандық таңдау адамның өміріне зор әсер етеді. Бұл болашақта тек жұмыс емес, өз армандарыңа жету жолы. Студенттерге мамандық таңдауда өз жүрегін тыңдап, тек пайда табуды емес, ең бастысы, өзіне ұнайтын іспен айналысуға кеңес берілді.
Еңбек нарығының сұраныс өзгерістері: Қазіргі еңбек нарығы үнемі өзгеріп отырады. Студенттерге жұмысқа орналасуда тек белгілі бір мамандықтың емес, жаңа саладағы бәсекеге қабілеттілік, сондай - ақ үздіксіз білім алу маңызды екендігі түсіндірілді.
Кәсіби даму және біліктілікті арттыру: Мамандық таңдаудан кейін, әр студенттің міндеті - өз білімін үнемі жетілдіріп, дағдыларын дамыту. Өзіне деген сенімділік, іскерлік қабілеттер мен қазіргі заманғы дағдыларды меңгеру арқылы ғана табысты болашаққа жетуге болады.
Мотивация және болашаққа көзқарас: Топ жетекшілері студенттерді болашақ мамандықты таңдар кезде мақсат қоюға және өз армандарына сенуге шақырды. Отырыс барысында студенттерге таңдаған мамандығына деген қызығушылықты жоғалтпай, барлық қиындықтарға қарсы тұрудың маңыздылығы айқындалды.
Студенттер өздерінің мамандық таңдауға қатысты сұрақтарын қойып, жетекшілерден қажетті кеңестер алды. Бұл студенттерге болашақ мамандығына қатысты нақты шешімдер қабылдауға көмектесті және өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік берді.
Отырыс соңында топ жетекшілері студенттерге мамандық таңдау кезінде жауапкершілікті сезініп, өз болашағын қалыптастыру үшін әрбір шешімнің маңызды екенін атап өтті. Дұрыс таңдалған мамандық табысты болашаққа жетелейді және жеке тұлға ретінде даму жолын айқындайды. Мамандық таңдауда әр студент өз қызығушылықтарын, қабілеттерін және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, саналы шешім қабылдауы қажет.
Бұл отырыс студенттерге болашаққа бағыт - бағдар беріп, кәсіби жолда дұрыс шешім қабылдау үшін маңызды ақпарат пен мотивация ұсынды.
#МамандықТаңдау #Болашақ #КәсібиДаму #Табыс #ЖастарғаМотивация #Колледж
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdf9311c33e8
Колледжге шолу
Жұмысшы мамандықтар - елдің тірегі, экономикамыздың негізі. Олар қоғамды дамытуда, экономиканы нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан жұмысшы кәсіпінің беделін арттыру - біздің басты міндетіміз.
(с) Қасым - Жомарт Тоқаев
Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат - колледж” кешенінде есту мүмкіндігі шектеулі балалар жұмысшы мамандықтарын, оның ішінде тігінші және шаштараз мамандығын оқып, үйренуде
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIda27a7706b2
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId188536cf11
Өндірістік оқу мұғалімі С.Е.Жуманбетова “арнайы тігінші” мамандығы бойынша 2-курс білім алушыларымен “Этностильдегі бұйымдар. Тақия тігу” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Қазақ халқының мәдениетін өзіне тән әдет-ғұрпын меңгерту. Бас киім түрлерімен таныстыру. Тақияның тігу әдісін үйрету.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId7526a59a48
“Зергерлік бұйымдар дайындау” ашық сабағы
2024 жылдың 18 қараша күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байниязова Айнұр 6ә класс оқушыларымен “Зергерлік бұйымдар дайындау” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйымдар дайындау.
Мақсаты: Оқушыларды зергерлік бұйымдармен таныстыру және бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасауды үйрету.
Бұйымдарға қазақ ұлттық мәдениет элементтерін қолдана білу.
Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып материалды мен құралдарды қолдана алу.
Сабақ барысында оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, зергерлік бұйымдардың элементтерін жасап үйренді.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId2cc0ffc275
Ашық сабақ
19.11.2024
Колледждің “шаштараз - стилист” мамандығы бойынша 2 - курс білім алушыларына арнайы пән мұғалімі Б.М.Дүйсеналина “Шашты жиектеу” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты:
Шаш қию техникасын түсіну,
Шашты жиектеп қию әдістерін көрсету;
Шашты жиектеу әдісімен қию
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId867e41a3ea
Студент қатарына қабылдау кеші
Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінде 2024 жылдың 15 қарашасында студенттер қатарына қабылдау шарасы өтті.
Шараға бірінші курс студенттері, колледж оқытушылары және әкімшілігі қатысты.
Қабылдау рәсімі барысында студенттерге студенттік өмір, құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э. Коблаш және бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары А. Уразова аталған шараның мәні мен мазмұнына тоқталып, студенттерге сәттілік тіледі.
Шара соңында студенттерге колледждің символикалық белгілері - студенттік билеттері мен сынақ кітапшалары табысталып, оларды колледждің толыққанды студенттері қатарына қабылдау рәсімі өтті.
"Шаштараз-стилист" және "арнайы тігінші" мамандығы бойынша студент қатарына қосылған І курс студенттері ант қабылдап, өздерінің өнерлерін тарту етті.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId04aa91795d
“Өңіріміздегі қажетті мамандықтарды анықтау, оқушыларға насихаттау”
Аталған тақырыпта колледждің топ жетекшілері 9-10 класс оқушыларын мамандық түрлерімен таныстырып, мамандық таңдау туралы кеңестер берді.
Мамандық таңдау кезінде неге назар аудару керек:
Оқушыларға мамандықты таңдау кезінде өз қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру керектігі жайында кеңестер берілді. Мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар, мысалы, жеке қасиеттерді, білім деңгейін, еңбек нарығындағы трендтерді анықтау туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар, оқушылардың болашақта жұмыс табу мүмкіндігі мен әлеуметтік маңызы бар салаларды таңдау мәселелері қарастырылды.
Әрбір оқушы өз аймағындағы жұмыс орындарының қажеттіліктерін түсініп, сол арқылы таңдаған мамандығының болашағы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды. Өңірде дамып келе жатқан салалар туралы нақты мысалдар келтірілді.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdb8bb68153f
"Мамандық таңдау - маңызды іс" атты тренинг
2024 жылдың қазан айында Ақтөбе облыстық арнаулы мектеп-интернат-колледжінің психологтары М.Б.Момышева және А.А.Шакибаева жоспар бойынша колледж студенттеріне арналған "Мамандық таңдау - маңызды іс" атты тренинг өткізді. Тренингтің басты мақсаты - студенттерге мамандық таңдау процесінің маңыздылығын түсіндіру, олардың кәсіби бағдарын анықтауға көмектесу және мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат пен дағдыларды беру.
Студенттерге мамандық таңдаудың маңызы, ол таңдаған жолдың болашақта жеке өміріне әсері туралы түсінік беріліп, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға арналған жаттығулар жүргізілді. Бұл бағытта өзін-өзі бағалау және тестілеу әдістері қолданылды. Сондай-ақ, студенттерге қазіргі замандағы танымал мамандықтар, олардың талаптары мен ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Мамандықтар таңдау кезінде нарық сұранысындағы бағыттарды ескерудің маңыздылығы түсіндірілді.
Тренинг барысында әр студенттің алдағы уақытта қандай мақсаттарды қоюы және сол мақсаттарға қалай жетуге болатыны туралы пікір алмасу жүргізілді. Нәтижесінде, қатысушылар мамандық таңдау барысында қандай факторларды ескеру керектігін түсінді және өздерінің болашақ мамандықтарына деген көзқарастарын қалыптастырып, нақты бағыттарды белгілеуге мүмкіндік алды.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId185d7cd55e
“Мен таңдаған мамандық” атты әңгімелесу отырысы
Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-инетрнат-колледж» кешенінде “Мен таңдаған мамандық” атты әңгімелесу отырысы ұйымдастырылды. Бұл шара колледждің студенттері арасында өз таңдаған мамандықтарына деген көзқарастарын ашық білдіруге, өз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыруға және болашақ кәсіби өмірлеріне дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында өткізілді.
Әңгімелесу отырысының негізгі мақсаты – студенттердің өздерінің таңдаған мамандықтарына қатысты пікірлері мен ойларын ортаға салып, осы мамандықтың ерекшеліктері, артықшылықтары мен қиыншылықтары туралы талқылау болды. Сондай-ақ, студенттерге мамандық таңдаудың маңыздылығы мен болашақта осы мамандық бойынша табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды дамыту жөнінде кеңестер берілуі көзделді
Еркін форматта өткен әңгімелесу барысында болашақ тігінші мен шаштараз стилисті маман иелері өздерінің болашақ мамандықтары жайлы сөз қозғап, оларды таңдау барысында кездескен қиындықтар мен қызықты жайттарды ортаға салды. Әр студент өз тәжірибесімен бөлісіп, болашақта қандай жетістіктерге жетуді армандайтынын, мамандық таңдауда неге көңіл бөлгенін түсіндірді.
Шара студенттердің таңдау жасаудағы сенімін арттырды, әрі мамандықтарын тереңірек түсінуге көмектесті. Сонымен қатар, студенттер колледжде алған білімдері мен дағдыларын өз болашағына қалай пайдаланатындары туралы терең ойлануға ынталанды.
2024 жылдың 22 қазанда Ақтөбе облыстық арнайы мектеп - интернат - колледжінде кезекті жоспар бойынша 10 сынып оқушыларынан “Мамандық таңдау” атты сауалнамасы алынды.
Сауалнама қатысушылардың болашақ мамандық таңдауына көмектесу, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау мақсатында қолданылды.
Сауалнама барысында қатысушыларға өздерінің кәсіби қызығушылықтары, жеке қасиеттері, ұнататын пәндері мен болашақта қандай мамандықтарды таңдауды ойлайтындығы туралы сұрақтар қойылды. Бұл сауалнама қатысушыларға өз таңдауын жасауда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Мектеп психологтары Момышева М.Б., Шакибаева А.А.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласы «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты - “шаштараз өнері” құзыреттілігі бойынша педагогтарды анықтау, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының талантты және дарынды шығармашылық педагогтарын қолдау.
Конкурс WorldSkills International стандарттарына сәйкес теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды. Әр модульде комиссия мүшелері қатысушылардың материалдарын бағалап, сараптау қорытындысы бойынша облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешенінің арнайы пән оқытушысы ИСМАГИЛОВА ГУЛБАРШЫН САЛЫКБАЕВНА І орын иеленді.
Ағымдағы жылдың қазан айында Абай облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама алған Гулбаршын Салыкбаевнаға сәттілік тілейміз!
“Отбасы құндылығы” тақырыбында тәрбие сағаты
2024 жылдың 6 қыркүйек күні колледж тобындағы студенттермен “Отбасы құндылығы” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: “Отбасы құндылығы” туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIddd086fdeb1
Қайырымдылық акциясы
Шаштараз мамандығы бойынша білім алушы ІІ курс студенттері қайырымдылқ акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға шаштараздық қызмет көрсетті.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId1715bfdef5
“Өмірде жетістікке жету үшін” атты психологиялық тренинг
29 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжінің психологтары М.Б. Момышева, А.А. Шакибаева және сурдоаудармашы Г.Б.Нурмашева колледж студенттерінің көңіл-күйлерін арттыру, қарым-қатынасты нығайту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу мақсатында “Өмірде жетістікке жету үшін” атты психологиялық тренинг өткізді.
“Шебердің қолы көпке ортақ “ атты шебер класс
Эстетикалық пәндер, кәсіптік білім беру және жоғарғы буын тәрбиешілер бірлестігінің “Отбасы бақыты ол …” тақырыбындағы апталығы аясында “Шебердің қолы көпке ортақ “ атты шебер класс ”Шаштараз стилисті “және “арнайы тігінші “ мамандығының студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
2ші және 1курс студенттері күнделікті жылдам әрі тез жасалатын шаш үлгісін және орамалды орау тәсілдерін көрсете алды.
“Роза” ательесіне саяхат
“Өндірістегі бір күн” кәсіби бағдар беру мақсатында Атамекен палатасы және кәсіптік бағдар жұмысының жауапты маманы, директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Уразова А.Ж. Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені КММ 9-10 класс оқушылары және 1-2 курс студенттері үшін “Роза” ательесіне саяхат ұйымдастырды. “Роза” ательесінің директоры Бисекенова Роза Айткалиевна ательені ашу, бизнесті жүргізу жолында және де бірнеше әлемдерді аралап жүлделі орындар иеленіп, авторлық жобаларды қорғаудағы қызықты мәліметтермен бөлісті. Білім алушылар сұрақтар қойып қызығушылық танытты.
“Paris” шаштараз әсемдік салонына саяхат
“Өндірістегі бір күн” кәсіби бағдар беру мақсатында Атамекен палатасы және кәсіптік бағдар жұмысының жауапты маманы директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Уразова А.Ж. кәсіби еңбекті ұйымдастыру мақсатында “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені КММ -нің 10 класс оқушылары және 1-2 курс студенттері үшін “Paris” шаштараз әсемдік салонына саяхат ұйымдастырды.
Атамекен палатасының ұжымына және “Paris” шаштараз әсемдік салонының директоры Жданова Полина Станиславовнаға алғысымызды айтамыз.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId3f721acb20
Студенттер ,,Welcome to Matrex” семинарына қатысты
Колледждің арнайы пән мұғалімі Г.С.Исмагилова және 201 ”Ш” тобының студенттері қаламыздағы “Bell Amy”салонында өткен ,,Welcome to Matrex” тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарда мамандар ақ шаштарды қалай бояу, қандай тотықтырғыш пайдалану, шашты жылтырату, түстерін қалай өзгерту керек екенін түсіндіріп, іс жүзінде көрсетіп, тәжірибелерімен алмасты.
Болашақ шаштараз мамандар қызмет көрсетті
Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” КММ-нің 2-курс студенттері мен өндірістік оқыту шебері Г.С.Исмагилова Автожол колледжіне барып, білім алушылардың шаштарын қиып, сәндеп қайырымдылық акция өткізді.
Эвакуацияланған тұрғындарға көмек
2024 жылдың 10 сәуір күні «Күшіміз бірлікте» жобасы аясында
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы және Ақтөбе облыстық Жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының қолдауымен 201 Ш тобының студенттері өндірістік оқыту шебері Г.Исмагиловамен бірге су тасқыны кезінде 31 қазақ орта мектебіне эвакуацияланған тұрғындарға тегін шаштараздық қызмет көрсетті.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId03257df3c2
Қайырымдылық көмек
Қаламыздағы N40 мектепте эвакуациялық пунктте орналасқан тұрғындардың шаштарын қиюға Ақтөбе облыстық арнайы «Мектеп-интернат-колледж кешені» КММ-сінің «Шаштараз өнері» тобының 2- курс студенттері арнайы пән мұғалімі Г.С.Исмагиловамен бірге барып, керемет шаш үлгілерін жасап, тұрғындардың алғысына бөленді.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId45bcd0fef3
“Күшіміз бірлікте”
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталық және Ақтөбе облысы жастар және балалар ұйымдарының қауымдастық ЗТБ төрағасы Ж.М.Табылғановтың ұйымдастырумен “Күшіміз бірлікте” атты қайырымдылық акция аясында Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” КММ-нің 2-курс студенттері мен өндірістік шеберінің мұғалімі Исмагилова Г.С N8 орта мектебінде шаштараздық қызмет көрсетті.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId72621b26e3
Саяхат ұйымдастырылды
“Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ -нің 9-10 класс оқушылары және 1-курс студенттеріне кәсіби бағдар беру мақсатында директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары А.Ж.Уразова “Қазақ саңыраулар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің “Ақтөбе оқу - өндірістік кәсіпорыны” мекемесіне еңбекті саяхат ұйымдастырды.
Ақтөбе облысы жастар және балалар ұйымдарының қауымдастық ЗТБ төрағасы Ж.М.Табылғановтың ұйымдастырумен «Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені» КММ-нің 2-курс студенттері мен өндірістік оқыту шебері Г.С.Исмагилова N12 орта мектебіне барып, білім алушылардың шаштарын қиып,”Күшіміз бірлікте” атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Студенттер қайырымдылық акциясын жасады
Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж”кешенінің “арнайы тігінші” мамандығының студенттері мен арнайы пән оқытушылары С.Е.Жуманбетова және Р.Т.Алитурлиева “Мамандандырылған “Үміт”сәбилер үйіне барып өз қамқорлықтарын жасай отыра, қолдауларын көрсетіп, ұлттық құндылықты арттыру мақсатында кішкентай бүлдіршіндерге қазақша кеудеше тігіп ”Біз біргеміз” атты қайырымдылық акциясын жасады.
Жолдауы туралы мәліметтер берілді
«Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж“ кешені» КММ колледж студенттеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы жолдауы туралы мәліметтер берілді.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId1fbe93fa55
“Із кесуші” атты квест ойыны
2024 жылдың 26 ақпанында Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп психологтары Момышева М.Б., Шакибаева А.А. және сурдоаудармашы Нурмашева Г.Б. “Із кесуші” атты квест ойынын өткізді. Мақсаты: студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Квест технологиясы арқылы жұмыстың ең тиімді түрлерін іздестіру және жүзеге асыру арқылы оқу-тәрбие процесінде студенттердің танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Шаштараз жұмысымен танысты
“Шаштараз өнері” мамандығы бойынша білім алушы студенттер жоспарға сәйкес ЖК “Barbershop” және “Бравой барбершоп” салондарына экскурсияға барып, мамандар жұмысымен танысты.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdc18d59f3a3
Тігінші жұмысымен танысты
«Арнайы тігінші» тобының студенттері топ кураторы С.Е.Жуманбетовамен бірге «Сымбат» ательесіне экскурсияға барып, тігінші мамандардың жұмысымен танысты.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdd08c2c734f
Мамандық таңдауға байланысты тренинг
2024 жылдың 16 ақпан күні Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінің кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес мектеп психологтары Момышева М.Б., Шакибаева А.А. оқушылардан мамандық тандауға байланысты “Қызығушылық картасы” атты сауалнама алып, тренинг өткізді. Колледж студенттеріне әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керектігін, таңдаған мамандықтың адам өміріндегі алатын орны, маңызы мен мәні туралы түсініктер берілді.
Кәсіптік бағдар беру сағаты
Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешенінде 9 - 10 оқушыларына кәсіптік бағдар беру сағаты өткізілді. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру мақсатында берілген тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар өз пікірлерін білдірді.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId7f17f4cd7f
Қауіпсіздік техникасы ережесі
Қауіпсіздік техникасы жөнінде оқытушылар мен студенттерге нұсқаулар жүргізу тақырыбында директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары А.Уразова қауіпсіздік техникасы ережесімен таныстырды. Мақсаты: Оқытушылар мен студенттерді қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолдана білуге, ынтымақтылыққа, ұйымшылдыққа шақыру.
Студенттер шаштараздық қызмет көрсетті
2024 жылғы 25 қаңтар күні “ДосболLike: достық қолын ұсын” акциясы аясында “Шаштараз өнері“ мамандығы бойынша білім алушы колледж студенттері қайырымдылық ісіне қосылып, №7 арнайы мектеп оқушыларына шаштараздық қызмет көрсетті. Сонымен қатар, студенттер өз дағдыларын шыңдады. “Мектеп - интернат - колледж” кешені түрлі ұйымдармен, әлеуметтік бағыттағы мекемелермен ынтымақтасуға дайын.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIde3cbbab173
“Менің таңдауым” атты ойын - тренинг
Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешенінің психологтары М.Момышева мен А.Шакибаева кәсіптік бағдар беру бойынша 9 - 10 сынып оқушыларына арналған “Менің таңдауым” атты ойын - тренинг өткізді. Мақсаты: - жеке тұлғаның жеке ерекшеліктеріне сәйкес мамандық таңдаудың күрделілігі мен хабардарлығы туралы түсінік қалыптастыру; - оқушылардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін жандандыру; - оқушыларды өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділігін түсіну негізінде саналы, ынталы мамандық таңдауға ынталандыру.
Ашық есік күні
“Мектеп-интернат-колледж” кешенінің “Шаштараз стилисті” мамандығы бойынша білім алушы 2-курс студенттері “ЖасStar” шаштараз салонына ашық есік күніне барды.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId258137b082
Болашақ шаштараздар қызмет көрсетті
Ақтөбе облысы жастар және балалар ұйымдарының қауымдастық ЗТБ төрағасы Ж.М.Табылғановтың ұйымдастырумен қайырымдылық акция шеңберінде Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ “шаштараз” мамандығының 2-курс студенттері мен өндірістік шеберінің мұғалімі Г.С. Исмагилова Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының білім алушыларына қызмет көрсетті.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId8f883fcdae
Колледж студенттері кәсіби қызмет көрсетті
Өндірістік оқу шебері Г.Исмагилова және «шаштараз» мамандығының 2-курс студенттері қайырымдылық акциясы шеңберінде №12 мектеп білім алушыларына қызмет көрсетті.
Акцияның мақсаты: колледж студенттерінің кәсіпқой тәжірибесі мен біліктілігін жетілдіру және оларды қолдау
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId03149119f5
“Мұндай мамандық бар" кураторлар сағаты 9-10 класс оқушылары мен колледж студенттеріне арналған “Мұндай мамандық бар" тақырыбында еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер туралы кураторлар сағаты өтті. Психологтар трениг өткізіп, білім алушылар өзара пікір алысты.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId7648881298
“Менің жетістігім - менің нәтижем”
27 қыркүйек Еңбек күні қарсаңында мектеп-интернат-колледж түлегі Малайдар Бексұлтанның жетістікке жету жолындағы еңбегін баяндаймыз.
“Еңбек - қуаныш, жалқаулық - азап”
Әлеуметтік серіктестік аясында ұйымдастырылған “Еңбек күні” қарсаңында “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені КММ “Al-Ven” шаштараз салонымен бірлесе отырып, мамандық мәртебесін көтеру, оған жастардың назарын аудару мақсатында “Еңбек - қуаныш, жалқаулық - азап” тақырыбында шаштараз ғимаратында студенттермен кездесу ұйымдастырды. Мақсаты: жастарға еңбектің адам өміріндегі мәні туралы ұғындырып, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
201 "Ш" тобының студенттері "Аi-Ven" салонында кәсіптік тәжірибеден өтуде. Өндірістік оқыту шебері Г.Исмагилова.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdf68781511b
Оқушылар өрт сөндірушілер қызметімен танысты
19 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы"мектеп-интернат колледж" кешенінің оқушылары мен студенттері Ақтөбе қаласындағы А.Гришин 64а көшесінде орналасқан Төтенше жағдайлар басқармасына барып, өрттің алдын алу және сөндірумен айналысатын мамандардың жұмысымен танысты. Оқушылар өртке қарсы жүйенің жұмыс түрлерін, өртті алдын алу үшін, ғимаратта қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керектігін білді. Сондай-ақ, өртті сөндіру кезінде, қандай өрт сөндіру құралдары қолданылатынын көрді. Сонымен қатар балалар өрт сөндіру машиналары мен жабдықтары қалай жұмыс істейтінін көріп танысты.. Өрт сөндірушілер төтенше жағдайларда тез және тиімді әрекет ете алатынына күмән келтірмейді.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId38ce582dae
Кәсіптік тәжірибе
"Мектеп-интернат-колледж" кешенінің 07230100 "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының 2-курс N202 топ білім алушылары "Сылқым" ателесінде кәсіптік тәжірибеден өтуде Жетекшісі:С.Жуманбетова.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId05265d8ad4
Батыр атындағы оқу орнына саяхат
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы қарулы күштері институты Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің оқушыларын өздеріне шақырып, жаттығу алаңын, оқу залдарын,
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов атындағы мұражайды аралатып, батырдың қолданған жеке заттарын, алған марапаттарымен таныстырды. Оқушылар қызықты, тың ақпараттар алып, жақсы көңіл күйде оралды.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId42dd291418
СТУДЕНТТЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Ақтөбе облысы жастар және балалар ұйымдарының қауымдастық ЗТБ төрағасы Ж.М.Табылғановтың ұйымдастыруымен "Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" КММ-нің студенттері мен өндірістік шеберінің мұғалімі Г.С. Исмагилова Ақтөбе сервис колледжінде білім алушылардың шаштарын қиып, қайырымдылық акциясын өткізді
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdcd948347d3
«Өндірістік бір күн»
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы «Өндірістік бір күн» облыстық кәсіби бағдар беру апталығы аясында кәсіптік бағдар жұмысының жауапты маманы - директордың бейін бойынша оқыту ісінің орынбасары Уразова Арайгуль Жайжановна 9-10 сыныптардың колледжге оқуға түсуге ниетті оқушылары және класс жетекшілері А.Ж.Жусупова, Г И Мухамбетовамен бірге
«мектеп-интернат-колледж» кешенінің әлеуметтік серіктесі – «A-Textile» Ақтөбе тігін фабрикасына кәсіби бағыт беру шарасын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: жоғары класс оқушыларының қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарай мамандықты дұрыс таңдап, қоғамдық ортаға бейімделуіне жағдай жасау, дұрыс қадам қабылдау білуге баулу.
«A-Textile» Ақтөбе тігін фабрикасының кадрлар бөлімінің меңгерушісі Улмекен Болатқызы фабриканың бөлімдеріне экскурсия жасап таныстырып, оқушылар тігін фабрикасының жұмыс барысы туралы толық ақпарат алды.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId8d2d440b1e
"Мың мамандық бәрі бар,Таңдап, талғап бірін ал!"
Мекеме психологтары М.Б.Момышева, У.Б.Агатаева "Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!" тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: Мамандық таңдауына көмектесу бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Тренингте мамандыққа байланысты ойын, сұрақ-жауап, пікірталас болды.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId7af900cc6e
"Мамандық таңдау - ертеңді ойлау"
2023 жылдың 5 сәуірінде Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кәсіптік бағдар жұмысының жауапты маманы - директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары А.Ж.Уразова "Мамандық таңдау - ертеңді ойлау" тақырыбында 9-10 класс оқушылары және колледж студенттеріне арналған шара өткізді.
Мақсаты: білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам үшін адам бойында қандай қасиет болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы және болашақ таңдаған мамандықтары туралы ой бөлісу, есту мүмкіндігі шектеулі жастардың қоғамға еркін араласуына бағыт-бағдар беру.
Шараға Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Ж.Кожантаев және мектебіміздің түлектері - спорт саласында айтарлықтай орны бар спортшылар Малайдар Бексұлтан, Есенғосұлы Мұхтар, Бөкеев Нұрмұхан және Қалалық Қазақ саңыраулар Қоғамы Мәдениет Үйінің "Мы Вас любим" клоунада театрының әртістері Конырбаев Алибек пен Жаналин Баубек қатысып, жемісті еңбек жолдары туралы сұхбат берді.
Шара қатысушылары мен қонақтар "арнайы тігінші" мамандығының студенттері дайындаған қолөнер бұйымдарының және кітап көрмесін тамашалады.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdd0129dfa32
"Алуан-алуан кәсіп бар..." тәрбие сағаты Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мұғалімнің міндеті – оқушыларға өздерін барынша жүзеге асыра алатын және мектепті бітіргеннен кейін дамуын жалғастыра алатын жолды таңдауға көмектесу. Осы орайда 10 «а» класс тәрбиешісі Анар Жетібаева "Алуан-алуан кәсіп бар..." тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру мақсатында сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ барысында оқушылар мамандыққа байланысты пікілерін айтып, ата-аналарының мамандықтары туралы әңгімелеп берді. Есту қабілеті бұзылған Томас Эдисон, Рейган Рональд, Бетховен, Хелен Келлер сияқты атақты тұлғалар туралы кеңінен мәлімет беру арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың да қоғамда өзіндік орны бар екендігі түсіндірілді.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId1955336c1c
"Болашақ мамандығым"апталығы Мектептегі кәсіптік бағдар – бұл оқушыларды кәсіптер әлемімен таныстыруға, олардың жеке бейімділігі мен қызығушылықтарын анықтауға және жеке ерекшеліктеріне сәйкес одан әрі қызмет түрін таңдауға көмектесетін іс-шаралар жүйесі. Бұл жұмыс жан-жақты, өйткені ол психологиялық, педагогикалық, медициналық-физиологиялық, әлеуметтік, экономикалық аспектілерге әсер етеді. 2022 жылдың 21-25 қараша аралығында «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ-де жоғары буын және эстетикалық және кәсіптік білім беру әдістемелік бірлестіктерінің "Болашақ мамандығым" апталығы өтті. Мақсаты: Оқушыларды мамандық таңдауға бейімдеу, іскерлігін, икемділігін нығайту. Эстетикалық талғамдарының дамуына ықпал жасау және қабілетті оқушылардың бойындағы шығармашылық қасиеттерін дамыту, денсаулықтарын нығайту, өнерге, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Апталық аясында технология пәні мұғалімдері Руденко О.В. "Современные стилевые направления моды", Байниязова А.Ж. «Шырағдан жасау», Г.Б.Сағынаева «Этностильдегі бұйымдарды жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жоғары буын тәрбиешілері М.С.Таджиякова «Выбирая профессию – выбираем образ жизни», А.Жетібаева «Алуан-алуан кәсіп бар...» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. «Жас Ұлан» балалар ұйымының тәлімгері Б.Маханова жоғары класс оқушыларымен өткізген «Поле чудес» ойынына оқушылар белсене қатысты. Жоғарғы буын оқушылары үшін әртүрлі жылдарда бітірген мектеп түлектерімен "Кем быть?" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу оқушыларымыз үшін өте мағыналы, пайдалы кездесу болды. Түлектер мектепте оқыған кездерін еске алып, өздері жайлы және қазіргі кездегі өмірлері жайлы айтып, берді. Кездесуді тәрбиешілер Б.Кыдыралина, Ж.Тұрмантаева ұйымдастырды.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId06ee5b72b6
Жұмыс беруші күні Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру шарасын өткізу тұжырымдамасына сәйкес "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ 2022 жылдың 15 қарашасында "Жұмыс беруші күнін" өткізді. Аталған шараға әлеуметтік серіктестер – "Жacstar" сән салонының басшысы Мустафин Арыстанғали Сырлыбаевич, ЖШС "A-Textile" тігін фабрикасының кадрлар бөлімінің меңгерушісі Бәди Ұлмекен Болатқызы, ЖК "Al-Ven" салонының басшысы Исмагилова Гулбаршын Салыковна қатысты. Келген серіктестер колледжде орналасқан тігін, шаштараз шеберханаларымен танысып, "Арнайы тігінші" мамандығы бойынша білім алушы студенттердің бұйымдар көрмесін тамашалады . "Жұмыс беруші күні" шарасы аясында "Жас маман, алға бас қадам!" тақырыбындағы кездесу барысында жұмыс берушілер студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында өнерпаз оқушылар ән тарту етті. Арнайы пән мұғалімдері С.Жуманбетова, Б.Дүйсеналина мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу, еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу мақсатында "Кәсіп түбі - береке" тақырыбында пікірталас өткізсе, "Шаштараз өнері" мамандандығының студенттері өндірістік оқыту шебері Г.Исмагилованың жетекшілігімен шаш үлгілерінен дефиле көрсетті. Мекеме психологі У.Б. Агатаева өткізген "Менің таңдаған мамандығым" тақырыбындағы тренингіне студенттер мен келген қонақтар ерекше белсенділікпен қатысты. Шара соңында мектеп-интернат-колледж кешенінің директоры Г.Шакенова маңызды шараның өтуіне атсалысқан жұмыс берушілерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыстады. Ақтөбе облысы жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ төрағасы Ж.М.Табылғановтың Құттықтау хатымен қайырымдылық акциясына қатысып, колледж өміріне белсене араласып жүрген студенттер де марапатталды.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeIdfb0875632c
Тігін фабрикасына саяхат
2022 жылдың 22 сәуірінде жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері оқытушыларымен және мектеп директоры Г. К. Шакеновамен бірге Ақтөбе тігін фабрикасына барды. Экскурсия "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, болашақ түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ұйымдастырылды.
Экскурсия мақсаты: түлектерді болашақ кәсіби мамандықпен және жұмысқа орналасу объектілерімен таныстыру.
Оқушылар мен студенттер жұмыс процесінің әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын жаңа технологиялармен танысты . Олар өндірістегі жұмыс процесіне үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта тігін фабрикасының ең жақсы жұмысшыларының бірі болып еңбек етіп жатқан біздің мектептің бұрынғы түлектерімен кездесті. Олар өз кезегінде зауыт әкімшілігі олардың сәтті жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасағанын атап өтті. Фабрика басшысы А. Жалбаторов болашақ түлектерді жұмысқа шақырды. Экскурсия сәтті өтті.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId1d635edfd5
БАҚЫТТЫ БАЛА – ОЗЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ»
«Балалар жылы» аясында 2022 жылғы 21 сәуір күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің базасында «БАҚЫТТЫ БАЛА – ОЗЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ» тақырыбында семинар өтті.
Аталған шараға Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп –интернат — колледж» кешенінің оқушылары қатысты.
Қатысушылар шаштараз мамандығына деген қызығушылығын арттыруда шаш стилінің түрлерінен классикалық, спорттық бағытта әсемдеудің және өрудің үлгілерімен танысты. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама тамашалап, ұлттық асық ату
ойынын ойналды, мен психологиялық тренинг ұйымдастырылып, Шараның қорытынды бөлімінде психологиялық тренингке қатысты.
Аталған семинарды өткізген Багдагул Жайбергеновна Нурмолдинаға, Дина Кашкимбаевна Халетоваға алғыс айтамыз. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық идеяларды насихаттау, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған іс-тәжірибелерін таратудағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз .Барша ұйымдастырушы жандарға алғысымызды білдіреміз.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId81f642129b
"МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ" акциясы
13 сәуір 2022 ж.Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ-ң оқушылары Ақтөбе облысының полицейлері жоғарғы класс оқушыларына кәсіби бағдар беру, жасөспірімдерді полиция жұмысымен таныстыру, сондай-ақ азаматтармен өзара сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында өткізген "Мен және менің полицейім" акциясына қатысты.
Ұйымдастырылған "Ашық есік күні"
Полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушылары үшін облыстық Полиция департаментіне экскурсия өткізді, олар балаларға Жедел басқару орталығының жұмысын көрсетті; өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап әртүрлі жастағы полиция қызметкерлері туралы барлық ақпарат жиналған мұражайды көрсетті. Оқушылар қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сонымен қатар,полиция қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерінің есірткі құралдарын, жарылғыш заттарды анықтауда қылмыскерлерді іздестірудегі және ұстаудағы көмегін көрсету үшін оқушылармен кинологиялық орталыққа барды. Жедел қимылдайтын жасақ қызметкерлерімен кездесіп, қоян-қолтық ұрыс элементтері көрсетілді.Жоғарғы класс оқушыларына Полиция Департаментінде өткен саяхат өте қызықты да мағыналы болып,олар өздері үшін көп мағлұматтар алды
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId6458f0348d
Маңызды кездесу
2022 жылдың 16 ақпанында "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ 8,9,10-класс оқушылары М.Маметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжіне барды.
Оқушылар мектеп-интернат-колледж кешенін аяқтаған біздің түлектермен кездесті, студенттер және мұғалімдермен сұхбаттасты. Сұхбат барысында колледжде ерекше білімді қажет ететін есту және көру қабілеті нашар оқушылар үшін арнайы массаж курстары факультеті мен стоматология факультетінің қызметі және егер олар оқуға тускен жағдайда жатақхана, шәкіртақымен қамтылатыны туралы айтылды. Оқушылар колледж ішіндегі М.Маметова мұражайын тамашалады ,әрі мамандық жайлы сұрақтарға көптеген жауаптар алып, маңызды кездесуді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
https://sch.edu.kz/kz/mamandy-a-bejimdeu.html#sigFreeId3937cda5b9