Аналар мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде "Жүректен шыққан жылы лебіздер" акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар жүрекжарды тілектерін ұстаздары мен аналарына арнап, арнайы дайындалған пошта жəшіктеріне салды. Аталған шара дефектолог мұғалімдер Г.Б.Тулебаеваның және Э.Қоблаштың бастамасымен өткізілді. Бұл акцияның мақсаты: есту қабілеті бұзылған балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру және жазбаша сауаттылығын көтеру болатын. Аталған акцияға оқушылар қызығушылықпен атсалысты. Ал белсенді қатысқан 7 «ә» класс оқушылары Мұстафин Қайыржан, Хасанов Радмир жəне 10 «а» класс оқушысы Жакаева Аружан 7 наурыз күні өткен мерекелік шарада марапатталды. Бұл оқушылар оннан аса құттықтау хаттарын дайындаған.