2019 жылдың 15 наурыз күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде "Ұстаздың асыл бейнесі" атты Ыбырай Алтынсарин атындағы білім беру ісінің үздігі, волейболдан Ұлттық дәрежедегі төреші, жоғары білікті денешынықтыру пәнінің мұғалімі Кужениязов Қуаныш Зейнулұлының жарқын бейнесін еске алу кеші өтті.
Кешке аз ғұмырында елеулі еңбек атқарып, өшпесіз қалдырған аяулы ұстаздың туыстары, әріптестері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының директоры Наталья Сергеевна Сокольская, шәкірттері жəне Қобда ауданы Жаңа талап ауданынан келген жерлестері қатысып, Қуаныш Зейнулұлы туралы естеліктермен бөлісті.
Қуаныш Зейнулұлы Кужениязов – мектебіміздегі, облыстағы спортты дамытуға зор үлес қосқан тағылымды тұлға болатын. Есту қабілеті бұзылған балаларды жастайынан спортқа баулып, көптеген облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатыстырды. Шәкірттері осы сайыстарда оза шауып, бірнеше дүркін чемпион болды, "Спорт шеберіне үміткер" атанды. Шәкірттерінің ерік-жігерін шынықтырып, оларды қиындықтардан тайсалмай алға беттеуге, жақсылыққа ұмтылуға, ертеңгі күніне сенімді болуға, қоғамдық ортаға бейімделуіне тəрбиелеген ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды. Қысқа ғұмырында толағай табыстарға қол жеткізіп, елеулі еңбек сіңірген асқар таудай əке, ақылшы АҒА, қамқор жан, АСЫЛ ҰСТАЗ Қуаныш Зейнулұлының жарқын бейнесі біздің мәңгі жүрегімізде...
Əсерлі кеш волейболдан турнирге ұласты. Тартысты додада Жаңаталап ауданының командасы 1-орын, №7 түзетім мектебі 2-орын, есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары 3-орынға ие болды.
https://sch.edu.kz/kz/247/125-2114.html#sigFreeIdcddb023454