12 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде 9-10 кластар және колледж топтары оқушыларымен Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты интеллектуалдық ойын өткізілді.
Ұйымдастырушы - жоғары буын тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі (жетекшісі Қ.Нугуманова), өткізгендер Уканова Ғ.С., Карибаева Г.Т., Достанова Г.Е.
Ойын барысында оқушылар "Бәйтерек" және "Шаңырақ" топтарына бөлініп, еліміздің негізгі құндылықтары, мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздік құрбандары туралы сұрақтарға жауап берді.
https://sch.edu.kz/kz/247/180-t-uelsizdik-elimni-erlik-zholy.html#sigFreeId4463394dd7