2019 жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) ееесту қабілеті бұзылған балалар менктеп-интернат-колледжінде Наурыз мерекесі тойланды. Мектепке дейінгі топ және 0-5 класс оқушылары «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткен ертеңгілікке қызығушылықпен қатысты.
Ертеңгілік барысында оқушылар тұсау кесу дәстүрінің мағынасы, өтуі,жөн-жоралғыларымен танысты. Ұлттық билер билеп, ойындарға атсалысты. Ым-ишара тілінде әндер орындап, ертеңгіліктің тамаша өтуіне өз үлестерін қосты.
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/127-784521.html#sigFreeId293a8a2b96
https://sch.edu.kz/kz/247/127-784521.html#sigFreeId293a8a2b96
6-10 класс және колледж топтары оқушыларына арналған «Наурыз-думан» кеші өте мазмұнды және тартымды шара ретінде атап өтілді. Кешке ата-аналар да қатысты. Мерекелік шара үш ауылда өткен Наурыз мерекесімен ерекшелінді. Күн мен түннің теңесуін жүргізушілер Г.Достанова және ГШағатаева қойылым ретінде көрсетті. Әрі қарай ауылдарды аралап, оқушылар балаға ат қою, жиеннің алғаш нағашысына баруы, жастарға бата беру дәстүрлерінің куәсі болды.
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/127-784521.html#sigFreeId4da939a394
https://sch.edu.kz/kz/247/127-784521.html#sigFreeId4da939a394