Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың

қашықтан оқыту мәселесі

 

Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде

 бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы

«мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-сінің

директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Г.Б.Тулебаева

 

      Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи  талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады.Бүгінгі күнде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуіді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу жүйесі», мүмкін болып отыр. «Қашықтан білім алу» әр адамның өзіндік қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік беретіні белгілі.Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыруға болады.      

      Сапалы білім алу – әр баланың құқығы. Осы құқығы білім алушының әлеуметтік, денсаулық, тіпті тұрғылықты жеріне қарамастан бұзылмауы тиіс.Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қашықтан оқытудың негізгі міндеттері:

- білім беру бағдарламалары негізінде жоғары сапалы білім беру;

-мұғалімнің жетекшілігімен оқыту, сондай-ақ қосымша өз бетімен білім алу.

    Елімізде  коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимі жарияланды.Осы орайда карантин шараларын сақтауға байланысты Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде  бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-сі  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  31.03.2020 жылы шыққан  №121  бұйрығы негізінде білім алушыларға 2020 жылдың 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.Қазіргі таңда мектебімізде 108 оқушы  қашықтықтан оқыту жүйесімен білім алуда.

Қашықтан оқыту – елімізде жалпы білім беру және арнайы білім жүйесінің құрылымдық жүйесі және ұйымдастыру, әдіс-тәсілдердің елеулі өзгерістерін білдіретін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды  арнайы оқыту формасы. Бұл өзгеріс барлық балалардың психофизикалық жағдайлары мен даму деңгейіне қарамастан әлеуметтену, тәрбиелеу, білім беру және дамытудың қашықтан электронды әдістерінің  бейімделген жүйесін жасақтауда.

Бұл берілген білім беру формасы оқушыларға жергілікті жерде мектепке оқуға мүмкіндік береді, бір уақытта қашықтағы оқу-әдістемелік ортасы мен ақпараттық  білім беру ресурстарымен  өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Әр мұғалім қызметін әдістемелік сүйемелдеу, оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, денсаулығын  сақтау, түзете-дамыту жұмыстары, демалыс, бос уақыттарын ұйымдастыру қашықтан оқу процесінің мазмұндық жағын қамтамасыз ететін оқыту ресурстық орталықтары, құрылымдары жағдайында ұйымдастырады. Сонымен қатар, ресурстық орталық оқу-әдістемелік процесті өтуіне жауапты, оны бақылауды жүзеге асырады, техникалық мәселені шешуді қадағалайды.Дәстүрлі мұғалім, оқушы, ата-ана үштігі тығыз байланыста болып, әр ата-ананың материалдық жағдайын ескере отырып қолдан келгенше сапалы білім алуды көздей отырып, тиімді интернет желілері таңдап алынды. Атап айтсақ, мектеп педагогтары  өздері қалаған әдіспен сабақ береді. Ол әдістер: BilimLand, Telegram, WhatsApp платформалары және «ЕЛ АРНА» мен «Балапан» арналарындағы телесабақтар.Мұғалімдер ерекше білім беру қажеттілігі бар   оқушыларға  заманға сай білім беру үшін сонымен бірге imektep.kz, bala tili,  emle.kz  сайттарының өнімдерін кеңінен пайдаланады. Оқушылардың қашықтан білім алуы үшін ата-аналардың атқарар рөлі өте жоғары. Біздің оқушылар мектеп-интернат жағдайында білім алатын, сондықтан ата-аналарға бірден өз міндетіне оқушылардың сапалы білім алуды  қадағалау қиындыққа соқты.Көп жағдайда ым-ишараттық тілін меңгермеген ата-ана енді өз баласымен қарым-қатынасқа түскен кезде қиыншылықтарға тап болды.Бірақ мектеп педагогтары алғашқы күнінен бастап ата-аналарға, оқушыларға  қолдау мақсатында үнемі оқыту мәселелер бойынша кеңестер беруде.Біріккен жұмыс біртіндеп бір ізге түскен қашықтан оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Осылайша, ең қолайлы сипаттамалары зерттелетін материалды  біздің оқушылар  өздері  таңдап ,бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда мұғалімнен кеңес алады.Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап ететінін баса айтқым келеді. Бұл – отандық білім беру жүйесі үшін үлкен сын екені рас.Бастапқыда қалыпқа түсіп кеткенше сәтсіздіктер орын алғанымен, бүгінгі күні түгел дерлік оқушы уақытты тиімді пайдаланып, күнделікті сабағын қалыс қалдырмайды. Қуантарлығы мектеп ата-аналары заман талабына сай техниканы үйде отырып балалары арқылы меңгеріп,өз баласының даму мүмкіндігіне қарай білім алуына көз жеткізгені мәлім. Бұл да мектебіміздің төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқыту барысындағы өзіндік жетістігі деп білеміз.