Эстетикалық пәндер және кәсіптік білім беру әдістемелік бірлестігінің

«Дені сау ұрпақ – ел болашағы» тақырыбындағы тақырыптық апталығы

 

Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, денсаулық бағалы байлық екендігін ұғындыру.

 

11 наурыз күні «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатын мұғалімдер Сансызбаева А, Руденко О, Алитурлиева Р. өткізді. Ашылу салтанатына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Тулебаева, директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Н.Ж.Суликанова, әдіскер Э.А.Қоблаш және мектеп-интернат-колледж мұғалімдері мен  оқушылары қатысты. Оқушылар  сөзжұмбақ пен анаграмма шешу, сұрақтарға жауап беру тапсырмаларын орындап, қызығушылық  танытты  және «Қолөнер – сырлы өнер»тақырыбы бойынша дайындалған көрмені тамашалады.


 

12 наурыз күні   мектеп хореографтары Умбетова М, Жалғас Ж. «Салауатты өмір салты» тақырыбында кластан тыс шара өткізді. Оқушылар әртүрлі би қимылдарын көрсетті. Сабақ барысында мұғалім мен оқушылар арасында қарым-қатынастың тұрақтылығы би өнеріне деген оқушылардың сүйіспеншілігі көрініс тапты.


13 наурыз күні дене шынықтыру пәнінің  мұғалімі Оңайбаев Марат «Қызықты ойындар құруға арналған шығармашылық қабілеттер» тақырыбында 5 «а» класс оқушыларымен ашық сабақ  өткізді. Оқушылар арқан тартыс, итерме, төс түйістіру, торға доп  лақтыру, бір аяқпен жүгіру, шеңбер жаттығуларын көрсетті.


14.03.2019ж.  Кәсіптік білім беру педагогтары Исмагилова Г, Дүйсеналина Б, Уразова А. «Қайырымдылық – қайырлы іс»  акциясын өткізді. Бұл акцияға №7 арнаулы (түзетім) мектеп оқушылары келіп, оларға болашақ «шаштараз-модельер» шеберлері қызмет көрсетті. Акцияға мектеп-интернет-колледж  мұғалімдері мен колледж оқушылары қатысты. Оқушылар  сұрақтарға жауап беріп, «Шаштараз-модельер» мамандығының 101 «ш», 201 «ш» топ оқушылары шашты қиып,  сәндеп безендірді.  Бұл шараға барлық оқушылар белсенді қатысты.


14 наурыз күні еңбек пәнінің мұғалімі Байниязова А. «Токарь белдігімен шашка жасау» тақырыбында  7 «ә» класында  ашық сабақ өткізді.  Сабақ өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар қолөнер шеберліктерімен қоса, ақпараттық технологияларды да жақсы меңгергендіктерін   көрсетті.


Алитурлиева Р. «Кілемше жасау» тақырыбы бойынша 5 – 8 класс оқушыларымен өткізген шебер-класы қатысушылардың белсенділігімен, шараның мазмұндылығымен ерекшеленді. Оқушылар және мүғалімдер әртүрлі  жіптерден бумашашақ жасап, оларды торға біріктіріп байлау арқылы әдемі кілемше жасау тәсілдерін үйренді.


15 наурыз күні   Амангосов Б, Таласкалиева С. «Ұстаздың асыл бейнесі» тақырыбында ұстазымыз Кужениязов Куаныш Зейнулұлын  еске алу кешін  ұйымдастырды. Бұл  шараға К.К Зейнулұлының туған жері ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жаңа талап ауылынан келген алғашқы оқушысы және жас спортшылар қонаққа келді.


Кужениязов Куаныш Зейнулұлын еске алу кешіне орай денешынықтыру пәнінің мұғалімі Жусупов И. волейбол  жарысын ұйымдастырды. Бұл жарысқа ағайдың отбасы және бауырлары, Жаңа талап ауылынан келген жас спортшылар, №7  арнаулы түзетім мектеп оқытушылары, біздің мектеп-интернат-колледж мұғалімдері мен оқушылары   қатысты.  Жарыс қорытындысы бойынша

 

1-орын  Жаңа талап ауылынан келген жас спортшылар;

 

2-орын 7- арнаулы түзетім мектеп оқытушылыры;

 

3-орын есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары жеңіске жетті.

 

Жеңімпаздар  мақтау қағаздарымен және де медальмен  марапатталды. Кужениязов Куаныш Зейннуулұлының жары М.М.Кужениязова  мен бауырлары өз алғыстарын білдірді.