27 қараша күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана қызметкерлері “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешені” КММ кітапханасында оқушылар мен ұстаздарға “Ұлттық құндылық - ұлт бейнесі” тақырыбында танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Салт-дәстүрді насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық адамдарын насихаттау,зағип және нашар көретін азаматтарға арналған тактильді макеттер жасау бойынша үздік тәжірибелерді оқушыларға таныстыру.

Танымдық сағат барысында «Салт-дәстүр - сан ғасырлық саф мұра» тактильді макеттер республикалық байқауында үздік деп таңдалған жұмыстар оқушылар назарына ұсынылды. Үздік жұмыстардың жасалу жолы, қолданылған материал түрлері туралы ақпарат берілді.