2023 жылдың 13 қазанында Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кітапханашысы мен оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында "Оқуға құштар колледж" жобасын іске асыру аясында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» әдеби аукционы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: Абай шығармашылығын талдай отырып, білім алушылардың білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту, оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, кітапханашы Л.Бултекова оның кітаптарымен таныстырды. Колледж студенттері ұлы ақынның өлеңдері мен 45 қара сөзін оқып, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсенділік танытты. Шара онлайн түрінде қашықтықтан өткізілді.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/558-biz-abajdy-bilemiz-o-imyz-ba-alajmyz-debi-auktsiony.html#sigFreeIda418b54b82