2024 жылдың 25 қараша күні Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Өз кәсібің туралы көркем әдебиет» тақырыбында кітапхана квилті ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырманды кітапханаға тарту, білім алушылардың оқу сапасын арттыруға үлес қосу, өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында "мектеп-интернат-колледж" кітапханашысы Л. Бултекова мен колледж оқытушысы С. Жуманбетова мамандықтар бойынша көркем әдебиеттер және оқулықтармен таныстырып, мамандықтардың қыры мен сырын студенттермен бірге талдады. Кітапханашы студенттерді мамандықтарына байланысты әдебиеттерді көп оқуға кітапханаға шақырды.
Шара соңында тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетілді.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/952-z-k-sibi-turaly-k-rkem-debiet-kitapkhana-kvilti.html#sigFreeId7de65e66b4