2024 жылғы 12 қараша күні Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ кітапханасында «Оқуға құштар колледж» және "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын" тақырыбында әдеби кейс өткізілді. Кітапханашы Л. Бултекова мен колледж мұғалімі Г. Исмагилованың ұйымдастыруымен өткізілген әдеби кейске колледждің 1-2 курс студенттері қатысты.

Әдеби кейстің мақсаты - білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыра отырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, студенттерді білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.