13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Жарық әлем жүректерге нұр сыйлар» тақырыбында мерекелік кеш өткізді.

Кешті кітапхана қызметкері Ихсанғалиева Гүлнұр жүргізді. Шараның мақсаты – көзі нашар көретін балалардың шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, оларға қолдау көрсету және әрдайым қоғамда алар өз орындары бар екенін сезіндіру.

Шығармашылық шарада ән мен биден бөлек, поэзиялық оқулар да оқылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге ғана емес, оларды дамытуға арналған игі іс боп табылады.

Балалар шара барысында зор белсенділік танытып, жақсы көңіл күйде тарқасты. Кітапхана қызметкерлері балаларға арнайы сыйлықтарын да ала келіпті.
Шараға қатысқан балалар мен тәрбиешілер ұйымдастырушыларға ерекше өз ризашылықтарын білдірді. Көңіл сергітер кеш ән-биге ұласты.