2024 жылғы 7 қараша күні Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ кітапханасында «Оқуға құштар колледж» және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Бір колледж - бір кітап» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты: қазақ және шетел классиктерінің көркем әдебиеттерін оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке баулу.

Акция аясында Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл алма» әңгімелер, повестер мен пьесалары жазылған кітабы таңдалып алынды. Колледж студенттері «Қызыл алма» кітабын оқып, жіктеп, қысқаша мазмұндамасын түсіндірумен қатар колледжіміздің басқа да оқырмандарына «Қызыл алма» кітабын оқуға кеңес берді.

Кітапханашы Л. Бултекова мен колледж мұғалімі Д. Бимағамбетова және басқа да колледж қызметкерлері ұйымдастырған бұл акция алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдеміз.