Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледжі” кешені КММ кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай “Қазақстан - менің республикам” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған кітаптардың мазмұнын кітапханашы Л.С.Бултекова оқушыларға таныстырып өтті. 6 сынып оқушылары “Қазақстан” туралы жазылған өлең - жыр шумақтарын оқыды. Көрменің мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт - дәстүрін қастерлеуге, патриоттық рухта тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қадірлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге баулу.