Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің  кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мақсатында «Кітап достарын іздейді» атты буккроссинг бұрышы ұйымдастырылды.

«Буккроссинг» — кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы.

Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптармен алмасу. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты оқуға мүмкіндік алады.
«Буккроссингтің» басты мақсаты: оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру.