Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулуда, қызықтыруда отбасының рөлі зор. Бала берген бағдарға қарағанда, көргенін тез үйренеді. Ал кітапханада жас оқырмандардың қызығушылығын арттырып, зейінін ашу үшін жан-жақты зерделеп, түрлі әдістерді қолдануға болады. Қоғамда кітап оқыған адамның ойы жүйрік, қиялы ұшқыр болады. 24 қазан - Кітапханашылар күніне орай Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп- интернат- колледж” кітапханасында “Мектеп кітапханасы - бұл...” тақырыбында кітапханаға мектеп оқушыларының ата-аналары келіп экскурсия жасап, кітапханамен танысты.
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/915-ata-analar-mektep-kitapkhanasymen-tanysty.html#sigFreeId193f61bbbd
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/915-ata-analar-mektep-kitapkhanasymen-tanysty.html#sigFreeId193f61bbbd