2024 жылдың 21 қазанында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Ақтөбе облыстық арнайы мектеп - интернат - колледжінің кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова және колледж мұғалімі А.Ж.Дауринбаеваның ұйымдастыруымен 1 курс студенттерімен бірге «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби аукцион өткізді.
Аукционның мақсаты:
студенттердің ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл - ой және шығармашылық қызметін жандандыру,
Абайдың шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға, көп білуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу.
Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, аудармашы және композитор Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет берілді. Аукцион барысында ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы бейнебаян көрсетіліп, студенттер ақын өлеңдерін мен қара сөздерінен үзінді оқыды.
Студенттер іс - шарада белсенділік танытып, әдеби аукционға зор ұйымшылдықпен қатысты.