2024 жылдың 11 қазан күні Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж”кешенінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында колледж мұғалімі С.Жуманбетова мен тәрбиеші Қ.Утулиева және кітапханашы Л.Бултекованың ұйымдастыруымен “Оқу көшбасшысы” атты викториналық ойын өткізілді.

Викторинаның мақсаты: студенттерді өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту, кітапқа, оқуға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Шығармашыл, белсенді тұлға тәрбиелеу.

Студенттер шара барысында қойылған викториналық сұрақтарға толық жауап беріп, белсенділік танытты.