2024 жылдың 10 қазан күні Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешенінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында “Қазақстанның салт - дәстүрлері кітап дерек көздерінде” атты кітапхана квесті өткізілді.

Мақсаты: студенттердің халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейте отырып, қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт - дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру.

“Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Кітапханашы Лаззат Сағындыққызы қазақ халқы ұрпақтарын ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт - дәстүрмен, өнегені әдет - ғұрыппен, үлгіні жөн - жосықпен, әдепті ырым - тыйыммен тәрбиелеп келе жатқанын, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін баса айтып түсіндірді.

Сондай - ақ шара барысында студенттерге “Әрбір қазақ білуі қажет”атты бейнефильм көрсетілді. Салт - дәстүрге байланысты кітап көрмесі қойылып, кітаптар таныстырылды. Сурдоаудармашы Нұрмашева Г. көмегімен студенттер қызықты ақпараттармен танысты.