2024 жылдың 9 қазан күні Ақтөбе облыстық арнайы мектеп - интернат - колледж кітапханасы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп “Мектеп кітапханасы” жобасы аясында Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” атты танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушылардыжазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.

Аталмыш шараны балалар кітапханасының қызметкерлері Гүлдария Айсұлтан мен Гүлмереке Байзақова және мектеп кітапханашысы Лаззат Бултекова жүргізді.

Шара барысында «Менің атым Қожа» фильм таспасы, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетіліп, викториналық сұрақтар қойылды. Сурдоаудармашы Б.Маханованың көмегімен оқушылар қызықты ақпараттармен танысты. Сондай - ақ, кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар жазушының кітаптарына зор қызығушылықтарын танытты.

Шара өз дәрежесінде қызықты өтті.