“Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешені” КММ кітапханасының кітап қоры жаңа оқулықтармен толықты.
«Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтпаса керек. Өздеріңіз көріп отырғандай, үстелдің үстіне тізіліп қойылған түрлі кітаптардың ішінде мұхиттай терең білім жатыр. Оның ішінде жалпы білім беретін мектептің оқулықтары 2024 жылы шыққан 3 сыныптың қазақ,орыс тілінде «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Орыс тілі», 6 сыныпқа бірнеше пән оқулықтары және де көру қабілеті бұзылған (нашар көретін) оқушыларға арналған қазақ, орыс тілінде т.б оқулықтар бар.
Сондай - ақ, «Қазақ хандығының тарихы» және «Темір және оның империясы», Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, «Қыз Жібек» сынды тағыда басқа көркем әдеби шығармалар келіп түсті.
Оқимын деген оқырмандарға есігіміз қашан да ашық.