31 мамыр - ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Ақтөбе облыстық арнайы мектеп - интернат- колледж” кешені” КММ оқушыларымен С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері бірлесіп «Зұлмат заманның зобалаңы» атты іс-шарасын өткізді. Мақсаты: оқушыларды Отанымыздың тарихи өткенімен таныстыру, оқушыларды демократия, бостандық, жеке қадір-қасиет, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу рухында тәрбиелеу. Қазақстанда жыл сайын 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі.