«Каникулда кітап оқиық!» атты буккроссинг 2024 жылдың 17 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп- интернат- колледж» кешенінде «Каникулда кітап оқиық!» атты буккроссинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту. Мектептің үшінші қабатында кітапхана жанында «Bookcrossing» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жас оқырмандар оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», кітап алмастыру, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру шараларын жүргізді. Оқушылар түрлі жанрдағы кітаптарын әкеп, бір-бірімен алмасты. Осының арқасында өз талғамдарын қалыптастыра алды. Оқырмандар кітап әкеліп қана қоймай, өздеріне керекті кітаптарын тауып, бір-бірімен кітаптар жайлы талқыласып , бір-біріне сұрақтар қойды. Ең бастысы бірнеше кітап өзінің жаңа оқырманын тапқаны бізді қатты қуантты.