2024 жылдың 22 сәуір күні мектеп-интернат-колледж студенттері “Оқуға құштар колледж” жобасын іске асыру аясында “Ақындар жырлаған туған өлке” әдеби қонақжайы тақырыбындағы іс-шараны С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өткізді.

Мақсаты: Қазақстандағы және өлкедегі әдебиеттің танымал тұлғалары мен жас ақын-жазушылар шығармашылығын жастарға таныту. Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шара барысында студенттерге кітапхана қызметкерлері кітапханаға экскурсия жасап, ақын-жазушылардың өмірбаянымен шығармашылығына тоқталып, қызықты ойындар ойнатты. Әдеби қонақжайда студент жастарымыз талантты ақындардың өлеңдерін оқып, мағынасын түсіне білуге тырысты. Жастардың туған жерге деген патриоттық сезімдері артып, іс-шарадан зор әсер алды. Аталмыш шараға мектеп-интернат-колледж кітапханашысы Л.С. Бултекова, аудармашы Г.Б. Нұрмашева және тәрбиешілер қатысты.