2 сәуір “Халықаралық балалар кітап күніне” орай Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені кітапханасында Ақтөбе облыстық зағиптар  және нашар көретін  азаматтардың арнаулы кітапханасының қызметкерлері кітаптардан инсталлияциялық көрме ұйымдастырды.

Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрмеде Пирамида, Бәйтерек  т.с.с әр түрлі пішіндегі заттар, тактильді кітаптар қойылды. Оқушылар есту және қолмен сезу арқылы өз ойларын жеткізіп шарада белсенділік танытты.