2024 жылдың 18 наурыз күні мектеп- интернат- колледж кітапханасында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері орта буын оқушыларымен бірге “Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен...” атты мерекелік іс- шара өткізді.
Мақсаты: Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Жыл басы - Наурыз тойы мерекесі құттықтаулар мен шашу шашумен басталды. Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беріліп, ұлттық ойындардан көрініс көрсетілді. Кітапхананың әжелері бата беріп, бесікке салу рәсімдерін көрсетті. Соңында “Қара жорға” биін оқушылар жаппай биледі. Кең көлемді кітап көрмесін таныстырды. Іс -шара өз дәрежесінде қызықты өтті