2024 жылдың 15 наурыз күні мектеп- интернат -колледж кітапханасында Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері бастауыш және орта буын оқушыларына арнап “Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні!”атты мерекелік іс -шара өткізді.
Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Ұлттық киім киген кітапхана қызметкерлері балаларға бата беріп, ұлттық ойындар ойнатып, қызықты кітаптармен таныстырды. Сонымен қатар балаларға ұлттық тағамдар, әр түрлі тәттілер сыйға тартты.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/742-n-r-sebele-lysty-ly-k-ni.html#sigFreeIdad4f5e53b6