Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп- интернат- колледж» кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Еркін микрофон» кітапхана пәтері өтті.
Мақсаты: кез келген оқырманның өзі оқыған кітабы жайында ойын еркін әңгімелеуіне, басқалармен бөлісуіне мүмкіндік жасау.
Қазақ және шетел авторларының кейбір көркем әдебиеттеріне қысқаша шолу жасау, танымал кітаптарын оқуға ұсыну.
Ұйымдастырушылар колледж оқытушысы Дүйсеналина Бақтыгүл мен кітапханашы Бултекова Лаззат шара барысында кітап оқу үшін қажетті бірнеше пайдалы кеңестер ұсынып, бейнероликтер көрсетті. Студенттер өздері оқыған қызықты кітаптарының қысқаша мазмұнын ым- ишара арқылы жеткізді. Кітапханашы кітапханадағы кітаптармен таныстырып, жастарды кітап оқуға шақырды.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/738-erkin-mikrofon-2.html#sigFreeIda150578f95