Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру  аясында «Қалам сынағы» атты поэтикалық  центон өткізілді. Мақсаты: студенттерді оқуға баулу, ұлы ғұламалардың қанатты сөздерін үйрете отырып, әдеби сөйлеуге қалыптастыру. Іс - шара барысында студенттер ақындардың әйгілі шығармаларынан өлең құрастырды. Жастар  поэтикалық центонға  белсене қатысып, әр құрастырылған центондарды мәнерлеп оқып берді.