28.02.2024 жылдың 28 ақпанында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешенінің кітапханасында “Тоғыз айға - тоғыз іс - шара” жоспарына сәйкес “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 5 - 7 сынып оқушылары арасында балалық шақтың шебер суреткері Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі негізінде мәдени іс - шара өтті. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарымен ынтасын қалыптастыру, әдеби кітаптарды оқуға насихаттау, кітап оқу мәдениетін арттыру. Аталмыш шараны С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлері мен мектеп кітапханашысы ұйымдастырды. Шара барысында балалар классигі Б. Соқпақбаевтың шығармалары, өмір жолы туралы мағлұматтар бастау алды. Кітапханашы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, жазушының төл туындыларымен естеліктерін таныстырып, оқушыларды кітап оқуға шақырды.