Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешенінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру аясында Кітаптан жұлдыз жауған атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс - шараның мақсаты - білім алушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін жандандыру, біліктілігін дамыту, көркем әдебиет оқуға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту.Көрмеге тарихи тұлғалар туралы шығармалар мен қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан танымал жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерінің кітаптары қойылды.