«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ең оқуға құштар топ» атты білім сайысы өткізілді. Аталмыш шараға куратор Жуманбетова Самалдың ұйымдастыруымен “Арнайы тігінші” мамандығы бойынша бірінші, екінші топтың студент қыздары қатысты.

Сайыста қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқудан өзара жарысқа түсіп, нәтижесінде бірінші топ жеңімпаз атанды. Өткізілген іс-шара барысында білім алушыларға сыйлыққа кітаптар берілді.