2024 жылдың 15 ақпан күні Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру аясында колледж кітапханашысының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар колледж” кітап челленджі өткізілді.
Бұл челлендждің басты мақсаты жасөспірімдерді кітап оқуға қызықтыру, оларды қолдау болып табылады.

Челлендж барысында “Шаштараз” тобының студенттері Әзілхан Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” романын оқып, түйген ой-пікірлерімен бөлісті.  Бұл романда Ұлы Отан соғысының қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының балалық шағынан бастап, отты жылдарындағы ерлігі, соңғы күндердегі ұлағатты өмірі баяндалған.
Баршаңызды осы кітапты оқуға шақырамыз!