2024 жылдың 7 ақпан күні Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Мұқтаждарға кітап сыйла» тақырыбында студенттер арасында акция болып өтті.
Акцияның мақсаты - жастарды бір-біріне жақсы кітаптар сыйлауға шабыттандыру және кітап өзекті сыйлық болып қала беретінін ұғындыру,өзара сыйластықты қалыптастыру.
Шара барысында колледж студенттері бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде өз үйлерінен әкелген кітаптарын сыйлыққа берді.
Акция аясында колледж жастары керемет кітаптарды сыйға алып бір қуанып қалды. Кітап – адамзат қоғамының ұлы жетістігі, ұлы ұстазы. Электронды кітаптан гөрі осы заманғы озық үлгімен әзірленген, тамаша дизайндық орындалған баспа өнімі – қағаз кітапты алып оқу әлдеқайда әсерлі екендігі даусыз.
Кітап оқу, кітап сыйлау үрдісі адамзат қоғамымен бірге жалғасын таба береді деген сенімдеміз.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/696-kitap-syjlau-aktsiyasy.html#sigFreeId2d47b1cc8c