2024 жылдың 6 ақпан күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының қызметкерлері Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің кітапханасында зағип және нашар көретін балаларға арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінде «Ерекше балаларға арналған ерекше кітаптар» жобасы аясында келіп түскен тактильді кітаптар мен бедерлі суреттер қойылып, балаларға таныстырды. Мақсаты: зағип және нашар көретін балаларды кітапханаға, кітап оқуға тарту,олардың белсенділігін және оқуын жақсарту.
Балалардың көрмеге қойылған кітаптарға қызығушылықтары оянып, тактильді кітаптарды қолмен сезу арқылы оқып, киіз үй кейпіндегі электронды оқулықтардан әңгіме, ертегілер тыңдап,мазмұнын жарыса айтып берді.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/691-erekshe-balalar-a-arnal-an-erekshe-kitaptar.html#sigFreeIdafc26d7c2d