2024 жылы 22 ақпанда Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешенінің кітапханашысы Л.Бултекова «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер» атты виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің негізгі мақсаты - қазақ классиктерінің көркем әдебиеттерін насихаттау, ұмыт бола бастаған туындыларды қайта оқуға шақыру, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Көрмеде М.Әуезовтің “Абай жолы” роман - эпопеясы желісімен ақынның өмірі, махаббаты, шығармашылығына арналған “Абай” заңғар жазушының “Көксерек” және белгілі халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы бойынша қазақ - француз кинематографистері бірлесіп түсірген «Көшпенділер» фильмдеріне қатысты қысқаша мәліметтер көрсетілді. Сонымен қатар Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” және тарихи тұлғалар Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, батыр қыздар Алия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы, Қыз Жібек т.б. туралы жазылған кітаптары мен көркем фильм көрсетілімі ұсынылды. Қатысушылар бүгінгі шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушы кітапханашыға өз ризашылықтарын білдірді.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/665-kitaptar-zhelisimen-t-sirilgen-k-rkem-filmder-k-rmesi.html#sigFreeId612e4b0c3f