Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат- колледж кешенінде “Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Бултекова Лаззат орта буын оқушылары арасында “Дала фольклорының антологиясы” сериясы бойынша “Тұлпар мініп, ту алған” тақырыбында батырлар жырын оқу сағатын өткізді. Мақсаты: Батырлар жырын оқу арқылы балалардың бойында адамгершілік, батырлық, Отансүйгіштік, адалдық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттердің қалыптасуына зор ықпал ететін құрал – халық қазынасы, халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы туралы түсінік беру. Батырлар жыры өздерінің тақырыптары жағынан сан алуан болды. Айталық, олар батырлар туралы, салт - дәстүрлерді, достық пен махаббатты жырлады. Мысалы: батырлар жырына “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер тарғын”, “Қамбар батыр”т.б эпостарын жатқызуға болады. Оқушылар тәрбиешісі Тәжбенова Лаззат апайымен бірге батырлар жырын оқи отырып, батылдық, ерік - жігер, патриоттық сезімдердің не екендігін ұғынды.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/655-batyrlar-zhyryn-o-u-sa-aty.html#sigFreeIdfbcc2f25a0