Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж кітапханасында колледж мұғалімдерінің және кітапханашының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “2023 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап” атты бук-слэм өткізілді. Мақсаты: Әр білім алушы өзінің оқыған ең қызықты кітаптары туралы қысқаша әңгімелеп, кітап адамның жан азығы екендігін баяндау. Бук-слэмде жас оқырмандар оқыған кітаптарын сурдоаудармашылардың көмегімен екі-үш минутта жарнамалап таныстырды. Ұйымдастырушылар қатысушыларды бағалап, үздіктерді анықтады.