2023 жылдың 19 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық арнайы мектеп- интернат-колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітап оқуды насихаттауға арналған «Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады» тақырыбында кітапханалық квилт өтті.
Мақсаты: жастарды кітап оқуға ынталандыру, әдеби талғамын қалыптастыру, кітап оқуды насихаттау. Іс-шара барысында студент жастар кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсете отырып, құрметтерін жеткізді. Колледж мұғалімі Исмагилова Гүлбаршын кітап оқудың пайдасы туралы кеңестер айтты. Квилт тақтасы мен оған жапсырылған түрлі түсті жапсырма қағаздар іс-шараға көрік берді. Кітапханашы Бултекова Лаззат кітап көрмесін ұйымдастырып, студенттерді кітап оқуға шақырды.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/636-kitapkhanaly-kvilt.html#sigFreeId1b1a971382