Ақтөбе облыстық арнайы мектеп- интернат- колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасын іске асыру бағытында мектеп кітапханашысы Л.С.Бултекованың ұйымдастыруымен “ Не? Қайда? Қашан?” әдеби ойыны өткізілді.
Әдеби ойынның мақсаты:

📚жасөспірімдердің білім деңгейін тексеру,

📚ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету,

📚ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.

Ойын басталмас бұрын колледж мұғалімі Жуманбетова Самал ойын шартымен таныстырды. Сонымен қатар қатысушыларды екі топқа бөліп, бірнеше сұрақтар қойды. Әр сұраққа бір минуттан уақыт берілді. Егерде сұрақ қойған топқа топ мүшелері жауап бере алмаса,  келесі топ жауап беруге мүмкіндік алды. Осылайша екі топ кезектесе отырып ұпай жинады. Әдеби ойында екі топқа бөлінген қатысушылар өте жоғарғы деңгейде өз өнерлерін көрсетіп, ойын жақсы көңіл-күймен аяқталды.