Желтоқсан айының 13-жұлдызында Ақтөбе облыстық арнайы мектеп- интернат- колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж “ тұжырымдамасы аясында “Отан тарихы әдебиеттерде“ атты оқырмандар конференциясы өтті .
Конференцияның мақсаты:

Оқырмандардың оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи- мәдени және рухани мұрамызды сақтау,

ана тілімізге деген қамқорлық қатынасын жақсарту,

ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдаукөрсету,

студенттердің кітап оқуға деген ынтасын арттыру.

Конференция барысында тарих пәнінің оқытушысы Елеуова Динара Мұратовна жалпы Отан тарихы туралы баяндама жасады. Шара соңында кітапханашы Бултекова Лаззат Сагындыковна еліміздің тарихы жазылған әдебиеттермен таныстырып, студенттерді оқуға шақырды.