Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжінде "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе конкурсы ұйымдастырылды. Мақсаты: кітаптың және оқудың мәртебесін арттыру; білім алушыларды тек жүйелі оқуға ғана емес, сондай-ақ оқылған кітаптарды талдауға және өз пікірін сауатты білдіруге баулу. Колледж студенттері оқыған кітаптары туралы түйгендерін қағаз бетіне түсірді. Эссе талаптарын сақтап өздерінің ойлары мен логикасын сауатты жеткізе білген 101 топ «шаштараз стилисті» мамандығы бойынша білім алушы Мырзабаева Қарақат және 102 топ «арнайы тігінші» мамандығы бойынша білім алушылар Бекмұратова Бахытжан мен Муратова Алина үздік деп танылды.