Ақтөбе облыстық арнайы мектеп- интернат- колледжі
кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске
асыру мақсатында «Бір колледж — бір кітап» акциясы колледж
оқытушыларымен бірге кітапханашының ұйымдастыруымен
колледж кітапханасында өткізілді.
Акцияның мақсаты – жастарға адамгершілік-патриоттық
тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Қазақтың әдеби мұрасын зерттеуге
деген қызығушылықты арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың
интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Акция аясында колледж студенттері Кеңес Одағының
батыры, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының
өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптарды оқып, өздерінің
пікірлерін білдірді.