«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 2022-2025 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өз кәсібің туралы көркем әдебиет»
тақырыбында
кітапхана
квилті
ұйымдастырылды.
Мақсаты:
оқырманды кітапханаға тарту, білім алушылардың оқуының сапасын
арттыруға үлес қосу,
өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында колледж кітапханашысы мамандықтар бойынша
көркем әдебиеттер және оқулықтармен таныстырды. Арнайы пән мұғалімдері
мамандықтардың қыры мен сырын студенттермен бірге талдап, білім
алушылардың толғандырып жүрген сауалдарына жауап бере отырып,
мамандықтарына байланысты әдебиетті көп оқуға шақырды.