"Оқуға құштар колледж" жобасы аясында Ақтөбе облыстық арнайы мектеп- интернат-колледж кітапханасында "Мен кітапты ашамын, мен әлемді танимын" тақырыбында әдеби кейс өткізілді. Аталған шараға колледж студенттері қатысты. Әдеби кейстің мақсаты - білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыра отырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, білімгерлерді білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.