2023 жылдың 22 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында «Біз – оқуға құштар буынбыз» тақырыбында студенттер арасында тұрақты негізде волонтерлік қозғалыс өткізілді.
Мақсаты: студенттерді кітапханаға тарту, олардың белсенділігін және оқуын жақсарту, оқырмандық құзіретінің дамуына септігін тигізу.
Шара барысында кітапхана қызметкері Л.Бултекова студенттерге кітап көрмелерін таныстыру барысында оларға кітап оқудың маңыздылығы мен адам өміріне пайдасы туралы ақпарат бере отырып, пікір алмасты.
Аталған шараның студенттердің қызығушылықтарын оятып, олардың кітапхана оқырмандары қатарына қосылуына септігін тигізері анық.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/557-biz-o-u-a-shtar-buynbyz.html#sigFreeId2d6cdad4e8