«Жас өрен» атты музыкалық іс-шара

Жаз маусымының алғашқы күні, яғни 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Балғын бүлдіршіндеріміздің ең қуанышты мерекесі 25 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кітапханасында өтті. Мектеп-интернат-колледж кітапханашысы Л.С.Бултекова Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы қызметкерлерімен бірлесіп "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жас өрен» атты музыкалық іс-шара өткізді.
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
«Жас өрен» атты музыкалық іс-шарада зағип бүлдіршіндер өлең – тақпақтар айтып, өз өнерлерінін ортаға салды. Зағип балаларға арналған іс-шараны кітапхана қызметкері Г.Г.Хамзина сұлу сөздерімен көркем жүргізді. Мерекенің шырайын келтірген сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты.
Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры Қ.С.Райымбаева құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ізгі тілегін білдірді. Балаларға кітапхана қызметкерлері тегін «Айс» өнімдері балмұздақ пен тәтті шырын үлестірді. Балалар қуанып, мәз- мейрам болып рахметтерін жаудырды.
Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.