"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ-де "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында "Экология - ел амандығы" тақырыбында мектеп кітапханашысы Л.Бултекова орта буын оқушыларымен бірге ақпарат десантын өткізді.
Мақсаты:
Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.
Табиғат-адам тәрбиешісі. Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Адам баласы «Табиғат-Анасыз» өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы, бұл - экологиялық мәселе. Сол орайда оқушылар табиғат, экология туралы көзқарастарын ортаға салып, бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсек , өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парызымыз орындалар еді - деп қоршаған орта мәселелерін талдап, ой-пікірлерін айтты. Оқушылар «Аяласаң табиғатты аяла!» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысып, кітапханашыдан қызықтырған кітаптарын оқуға жаздыртып алды.
Экологиялық тәрбие бағытындағы шара өз дәрежесінде өтті.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/501-ekologiya-el-amandy-y.html#sigFreeIdf81fb1ea3d